​Ақтауда «SARAP» эксперттік клубының отырысы өтті

​Ақтауда «SARAP» эксперттік клубының отырысы өтті

Шара барысында Мемлекет Басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйекте жариялаған «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары қарастырылды.� Сондай-ақ, күн тәртібіне сәйкес атом электр станциясының құрылысы бойынша алдағы референдум, энергетикалық саясат және Маңғыстау облысындағы энергетика саласының ағымдағы жағдайы талқыланды.� Кездесуге Маңғыстау облысы және қалалық мәслихаттардың депутаттары, қоғамдық кеңестер, партия өкілдері, ғалымдар, атом энергетикасы саласындағы мамандар, азаматтық белсенділер қатысты.

Энергетикалық қауіпсіздік мәселесі тақырыбында Қазақстандық қоғамдық даму институты Басқарма Төрағасының орынбасары Олжас Бейсенбаев келесі аспектілерді атап өтті.

«Президент биылғы Жолдауда Үкіметке Жаңаөзен, Қашаған және Қарашығанақтағы газ өңдеу кәсіпорындарының құрылысын тездетуді тапсырды. Сондай-ақ, 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар» жылы деп жариялады. Бұл, әрине, адал еңбек, маңдай терімен қызмет етіп жүрген азаматтардың мәртебесін көтеруге жасалған қадам. Қазақстанда АЭС салу жалғыз өзі экономикалық және әлеуметтік мәселелердің жалғыз шешімі ретінде қабылданбауы керек. Алайда ол ғылым, технология, инфрақұрылым салаларын дамытудың қуатты катализаторы бола алады».

Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы Бауыржан Серікбаев референдумның маңыздылығына тоқталды.

«Жалпы референдум өткізу Мемлекет басшысы бастаған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясының практикалық тұрғыда орындалуының бір көрінісі десек болады. Ауыл әкімдерін сайлау, келесі жылдан бастап аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау процесінің іске қосылатыны, елді толғандырған маңызды сұрақтарға қатысты референдум өткізу елімізде жаңа саяси мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін оң өзгерістер. Алдағы референдум өркениетті демократиялық процестердің орнығуына, азаматтық жауапкершіліктің артуына септігін тигізеді деп есептеймін».

Респонденттердің 10,5%-ы қатысу туралы әлі шешім қабылдамаған.

Қатысқандардың бір бөлігі (8%) ақпарат алмаған және референдум туралы «бірінші рет естігенін» мәлімдеген.

Алдағы референдумға қатысу туралы сұраққа жауап қайтаруға қиналғандардың үлесі тек 0,9% құрайды.

Референдумға баруға дайын азаматтардың ішіндегі 67,4%-ы АЭС құрылысын қолдап, 22,8%-ы қарсы дауыс беруді жоспарлап отырғанын хабарлаған. Ал, респонденттердің 9,8%-ы осыған қатысты өз ұстанымын анықтамағанын айтқан.

Жалпы, Қазақстандық қоғамдық даму институтының телефон арқылы жүргізген сауалнамасы және бірқатар институттар жүргізген әлеуметтанулық зерттеулердің нәтижелері референдумға келуге дайын азаматтар санының өскенін және Қазақстанда АЭС салу идеясын қолдайтындардың көбейіп келе жатқанын білдіреді. Осылайша, референдумда азаматтардың көпшілігі АЭС салу шешімін қолдайды деп болжауға болады.

Анықтама:

«Қазақстан қоғамдық даму институты» КеАҚ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша 2024 жылғы 17-24 қыркүйек аралығында қазақстандықтардың АЭС салуға және референдумға қатысты көзқарасы бойынша телефон сауалнамасын өткізді.

Зерттеу Қазақстандағы ересек (18 жастан асқан) азаматтардың жынысы, жасы, қоныстану түрі, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша қамтитын жалпыұлттық іріктемеге сәйкес жүргізілді.

Іріктеме көлемі 1200 респондентті құрады. Телефон арқылы сауалнама 17 облыс және республикалық маңызы бар 3 қалада (Астана, Алматы, Шымкент) өтті. Онда респонденттердің стационарлық және ұялы телефон нөмірлеріне қоңырау соғылды.

Сауалнама ҚР ОСК 2024 жылдың 17 қыркүйегіндегі №ОСК-08-19/ЗТ-M-13 ресми хабарламасына сәйкес жүргізілді.