Биыл қазақстандықтар 77 елге визасыз шыға алады

Биыл қазақстандықтар 77 елге визасыз шыға алады

2021 жылы визасыз режим елдерінің тізімі кеңейіп, 77 елден тұратын болады, ал кейін 2025 жылы 89 елге дейін кеңейеді, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл туралы Премьер-министр Асқар Мамин Nur Otan партиясы парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысында айтты.

–Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграция, қазақстандық бастамаларды ілгерілету және Шанхай ынтымақтастық ұйымы, БРИКС, Ислам ынтымақтастығы ұйымы елдерімен әріптестік жалғасе бермек, - деді Асқар Ұзақбайұлы

Сонымен бірге Премьер-министрдің сөзінше, 2022 және 2025 жылдары Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съездері өткізіледі. Шетелде оқитын және жұмыс істейтін қазақстандықтар мен Қазақстаннан асырап алынған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау қамтамасыз етілмек.