ГОЛОВКИН КЕЗЕКТІ ҚАРСЫЛАСЫН ЖЕҢІП, ЖАҢА РЕКОРД ОРНАТТЫ

ГОЛОВКИН КЕЗЕКТІ ҚАРСЫЛАСЫН ЖЕҢІП, ЖАҢА РЕКОРД ОРНАТТЫ

Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин кәсіпқой рингтегі 41-жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды shymkentaqparat.kz

Головкин Холливудта (Флорида штаты, АҚШ) өткен бокс кешінде поляк Камил Шереметамен қолғап түйістірді. Бұл кездесуде Головкин өзіне тиесілі титулдарын қорғады.

Головкин алғашқы раундтан бастап басымдық танытты. Бірінші раундтың соңына қарай ол польшалық боксшыны нокдаунға түсірді. Екінші раундта да Шеремета бір рет құлады. Төртінші раундта поляк тағы да ауыр соққы алып, төреші есеп ашты. Бірақ Шеремета кездесуді жалғастыра берді. Головкин қарсыласына ауыр соққы жасаған соң Шеремета 7-раундта нокдаунға түсті. Артынша кездесуді жалғастырудан бас тартты.

Геннадий Головкин жекпе-жектен соң ел тұрғындарын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесімен құттықтап, өзінің жеңісін Отанына арнайтынын жеткізді.

Айта кетейік, Қазастан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Твиттердегі парақшасында Головкинді кезекті жеңісімен құттықтап, Генаны еліміздің мақтанышы екенін атап өтті.

Фото: DAZN Boxing