​«IKOMEK» мамандары тестілеуден өтті

​«IKOMEK» мамандары тестілеуден өтті

Шымкент қаласы ситуациялық «iKomek» орталығының 49 маманы тестілеуден өтті, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Тест сұрақтарының мәтіні қала тұрғындары арасында көптеп кездесетін мәселелерге бағытталған. Жиі қойылатын сұрақтар қатарында қоғамдық көлік, қала инфрақұрылымы секілді тақырыптар қамтылған.

Тестілеу жөнінде толығырақ мекеме басшысы Азат Әміртай айтып берді.

- Тестілеудің мақсаты - орталықтың мамандары мен инспекторларының білімін жетілдіру. Осы арқылы қызметкерлердің деңгейін анықтауға болады. Нәтижесінде төмен балл жиғандар қайта оқытудан өтеді, - деді ол.


Айта кетейік, Шымкент тұрғындарына көмек көрсету мақсатында өткен жылдың маусым айында "iKomek" орталығы ашылған болатын. Орталық тәулігіне 3 мың қоңырау қабылдауға қауһарлы.

iKomek орталығымен байланыс:

1. Бірыңғай ТЕГІН «109» нөміріне хабарласу;

2. WhatsApp +7 7777 109 109 нөміріне хабарлама қалдыру;

3. Instagram желісінің @ikomek109.shymkent парақшасында жекеге жазу;

4. Facebook желісінің IKomek Shymkent парақшасында жекеге жазу.