Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қазақстан Республикасындағы Америка Құрама Штаттарының Бас консулы Эрик Майермен кездесті, деп хабарлайды Shymkentaqparat қала әкімінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап
Кездесуде тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық мәселелері мен мәдениет, білім және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы әкімдік пен АҚШ-тың дипломатиялық миссиясымен ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.
АҚШ-пен сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытуға үлкен мән берілетінін айтқан қала әкімі 27 жыл ішінде әріптестікті одан әрі нығайтуға ықпал ететін барлығы 70-тен астам мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдерге қол қойылғандығын атап өтті.
– Шымкент қаласының АҚШ-пен сауда айналымы 2021 жылғы қаңтар мен наурызда 4,3 млн. АҚШ долларын құрады. Бүгінде Шымкент - инфрақұрылымы дамыған ірі өндірістік- индустриялық орталық. Шымкентте көлік-логистикалық орталық, арнайы экономикалық аймақ және екі индустриалды аймақ табысты жұмыс істейді. Қала аумағы арқылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автомобиль магистралі өтеді. Біздің басты мақсатымыз – қаланы адам өмірі үшін қолайлы және бизнес жүргізу үшін жайлы мегаполиске айналдыру. Оған жету үшін біз әр түрлі салаларда қалаға инвестиция тартуды жоспарлап отырмыз, - шаһар басшысы кездесу барысында.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, әкім екіжақты ынтымақтастықты дамытуға арналған ірі инвестициялық жобаларды қарастыруда ашық және сындарлы диалогқа дайын екендігін айтты. Сонымен бірге терең өңдеу саласына инвестиция салуға шақырды.