«Shymkent 2200: Туристік креативті қала бейнесі»

«Shymkent 2200: Туристік креативті қала бейнесі»

Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік туризм күніне орай 26-27 қыркүйек күндері «Shymkent 2200: Туристік креативті қала бейнесі» атты форум-көрме өтеді. Іс-шараға өтінімдерді қабылдау уақыты ұзарды, яғни 24 қыркүйек өтінімдер қабылдаудың соңғы күні.

Талантты азаматтарды қолдай отырып, қаланың креативті бейнесін қалыптастыруға бағытталған шара – бәсекелестік қабілетті арттырып, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуына және туризм саласының өркендеуіне ықпал етеді.

Форум-көрме 6 номинациядан тұрады. Олар:

- Медиа

- IT-жоба

- Креативті архитектура

- Туризм саласындағы креативті қызметтер

- Қала бренды

- Гастрономия (Шымкент дәмі)

Басты талап:

- Жобаның сапасы

- Креативтілік пен өзектілік

- Авторлық жоба (плагиат емес)

Жобалар бейнеролик, макет немесе слайд түрінде қазақ/орыс тілінде презентация және электронды түрде (jpg, pdf, 1080p (FullHD)), бір автордан 3 жобаға дейін қабылданады. Конкурсқа қатысу үшін 8-25 қыркүйек арасында арнайы сайтында орналасқан арнайы анкетаны толтырып, shymkent2020@gmail.com поштасына жіберу қажет. Толық ақпарат алу үшін +7 (701) 102 17 17, +7 (702) 109 17 17 нөмірлеріне хабарласуға болады. Жеңімпаздар сертификаттармен және түрлі бағалы сыйлықтармен марапатталады.