ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қаба өзінің Фейсбуктегі парақшасында латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасымен бөлісті, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Министрдің айтуынша, бұл Ұлттық комиссия мақұлдап, Мемлекет басшысына ұсынылған нұсқа.
Жазбада латын таңбалы қазақ әліпбиінде дыбыстарымыз қалай таңбаланатыны, қалай оқылып, жазылатыны және кейбір шеттілдік дыбыстар неге алынғаны туралы мәліметтер қамтылған.