Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауындағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған кешенді бағдарламасын жүзеге асыруда Шымкентте өткен жылы «Шымкент жастар лигасы» басталған болатын.
Биыл мектеп оқушылары арасындағы спорттық жарыстың кезекті кезеңі жалғасуда. Жарыстың негізгі мақсаты – мектеп оқушырының бос уақытын тиімді пайдалану, нашақорлықтың алдын алу және оларды салауатты өмір салтын ұстануға насихаттау.
«Шымкент жастар лигасына» спорттың футбол, баскетбол, волейбол, шахмат түрлерінен 141 жалпы орта білім беру мектептерінен 514 команда құрамында 5926 оқушы қатысуда. Атап айтқанда, Абай ауданында - 37, Әл-Фараби ауданында - 25, Еңбекші ауданында - 40, Қаратау ауданында – 38.
Осы аптада «Шымкент жастар лигасы» Еңбекші ауданында волейболдан С-тобындағы (қыздар арасында) 2 сәуірде сағат 11:00-де «Қажымұқан» орталық стадионында өтеді.
Айта кетейік, өткен жылы спорттық жарысқа қаладағы 140 білім ұйымынан 536 команда жасақталып, 8 569 оқушы қатысқан болатын. Жеңімпаз командаға 20 млн. теңге көлемінде ақшалай сыйлық, ал фан-клубтарына велосипедтер тарту етілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл да жеңімпаздарды жүлделер күтіп тұр.