Шымкентте аз қамтылған отбасыларға 1 650 газ есептегіш құрылғыcы орнатылды

Шымкентте аз қамтылған отбасыларға 1 650 газ есептегіш құрылғыcы орнатылды

Шымкентте аз қамтылған отбасыларға 1 650 газ есептегіш құрылғыcы орнатылды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушысы, азаматтық қорғау полковнигі Аманбек Бейсембаев мәлімдеді.

Шымкент қаласында өрттің алдын алу мақсатында департамент қызметкерлері мемлекеттік бақылау жүргізілмейтін үй секторлары мен автокөлік иелеріне үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар телеарналар мен радиоларда сұқбаттар беріліп, бейнероликтер көрсетілуде. Яғни мамандар арнайы көліктермен көшелерді, жеке үйлерді тікелей аралау арқылы түсіндірме жасап, жаднамалар тарқатуда. Нəтижесінде, осындай насихат жұмыстары барысында қызметкерлер екі отбасыны газдан уланудан аман алып қалды, – деді Аманбек Алтынбекұлы.

Спикердің айтуынша, тұрмыс жағдайы төмен топтағы отбасыларға жеке меншік ұйымдар есебінен 1 650 газ есептегіш құрылғы орнатылған. Ал 13 үйдің электр сымы жарамды күйге келтірілген. Сондай-ақ, алдағы уақытта Білім басқармасымен бірлесіп, қаланың әр мектебінде жас құтқарушылар тобын жасақтау жоспарланып отыр. Бұл шараның мақсаты балаларды қауіпсіздікке, оның ішінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға баулу болмақ.