1 қаңтар мен 2 ақпан аралығында Шымкентте 39 оқушыдан COVID-19 анықталды, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Оқу жылы басталғалы мектеп оқушылары арасында коронавирустық инфекцияның 64 жағдайы тіркелген.
Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті КВИ-дің барлық тіркелген жағдайлары бойынша эпидемиологиялық тексерулер жүргізген. Тексеру нәтижесінде КВИ анықталған 64 оқушының 18-і оффлайн режимде, 46-сы онлайн оқығаны анықталды.
Департамент тарапынан COVID-19 таралуын болдырмау мақсатында барлық қажетті эпидемияға қарсы іс-шаралар, оның ішінде індет анықталған мектептерде қорытынды дезинфекция жүргізілген. Оқу жылы басталғалы 17 мектепте 14 күндік карантин жарияланған.
Қазіргі таңда Шымкент қаласының 9 мектебі карантинге жабылған. Олар - №18, №6, №66, №104, физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі және «Байтерек» мектебі, №1, №22 және №35 мектептер.
Медицина мамандары елімізде эпидахуалдың күрделене түсуіне байланысты, барынша карантиндік талаптарды қатаң сақтауға шақырады.
Фото: ашық дереккөз