Шымкентте «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы тағы бір жаңа кәсіпорынмен толығады. Өткен аптада инвестициялық штаб отырысында жаңа жоба таныстырылып, негізгі мәселелері талқыланды. Бұл туралы қала әкімінің Баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Shymkentaqparat
«Тараз-INTERSERCO» ЖШС киім шығаруды қолға алды. Ол үшін экономикалық аймақтан 1 гектар жер берілді.
«Инвестициялық жобаның құны- 400 млн. теңге. Жылына 150 мың аяқ киім тігуді жоспарлап отыр. Шығарылған өнім толығымен ішкі нарықты қамтитын болады. Кәсіпорын іске қосылған сәтте 60 адамды жұмыспен қамтымақ. Бүгінгі таңда инвестор тарапынан барлық қажетті құрал-жабдықтар алынған. Вьетнамдық кәсіпкерлермен серіктестік орнату, құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде»,-делінген хабарламада.
Штабта жер мен инфрақұрылым, экономикалық аймақтың жеңілдіктерін ұйымдастыру тұрғысында мемлекеттік қолдау көрсетілетін болып шешім қабылданды.