Шымкентте вакцина салдырғандар саны 63 мыңнан асты

Шымкентте вакцина салдырғандар саны 63 мыңнан асты

Коронавирусқа қарсы екпе егу науқаны басталғалы бері Шымкентте 63 мың 97 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 6795 адам вакцинаның екі компонентін алған, - деп хабарлайды Shymkentaqparat

Жалпы өткен тәулікте қалада ковид инфекциясына қарсы 2756 адам вакцина салдырды. Ковид-19 бойынша өткен штаб отырысында қаламызда күніне кемі 10 000 адам вакциналаудан өтуі керек делінген-ді. Сондықтан мамандар қала тұрғындарын індетке қарсы екпе егуге шақырады.

Айта кету кеек, қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы тұрақты бақылауда. 18 сәуір күні 411 нысанға (403 кәсіпкерлік, 8 жеке нысан) тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 7 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сонымен қатар, өткен тәулікте КВИ-дің 114 жағдайы тіркелді (белгілері бар - 69, белгілері жоқ - 45). 38 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 76 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1010 орын бар (қалалық инфекциялық орталық – 490, Атамекен клиникасы – 450, Орынбай ГБОО – 70 орын), төсек-орын толымдығы – 45%, 551 төсек-орын бос. Инфекциялық стационарда 459 науқас емделуде (КВИ-284, пневмония-163, ЖРВИ-12).

Қала тұрғындарын бетперделік режимді сақтап, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Індетті жеңудің бірден-бір жолы – вакцина егу екенін айта кетейік.