​Шымкентте жоғалған арыстан табылды

​Шымкентте жоғалған арыстан табылды

Шымкент қаласының полицейлері бір тәулік ішінде жоғалған арыстанды тапты, деп хабарлайды shymkentaqparat.kz

2021 жылдың 21 қаңтарында Полиция қызметкерлері арыстанды тауып, хайуанаттар бағының қызметкерлеріне тапсырды. Жергілікті тұрғындар да тәртіп сақшыларына қала кезген аң патшасын табуға көмек көрсеткен.

Естеріңізге салсақ, 19 қаңтарда қаладағы қонақ үйлердің бірінде жыртқыш аңның бос жүргені туралы әлеуметтік желіде бейнежазба жарияланған еді.

20 қаңтарда Шымкент қаласының ПД Әл-Фараби ауданының ПБ қызметкерлері аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Фото: ашық дереккөз