Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен 6 ақпан, яғни ертең сағат 10:00-де жалпықалалық сенбілік өтеді, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Сенбілікке мемлекеттік және жеке меншік ұйымдардың қызметкерлері мен қала тұрғындары қатысады.
Қала әкімдігі тұрғындарды осы сенбілікке белсене қатысуға шақырады. Себебі, қоршаған ортаны таза ұстау - әр азаматтың парызы.
Сенбілік кезінде барлық қатысушылардан санитарлық шараларды қатаң сақтап, бетперде тағып, арнайы қолғап киюін және арақашықтықты сақтауын сұраймыз!