Бұл туралы «Компания 13 регион» ЖШС-ның директоры Ерлан Малдакасов қала әкімінің жеке қабылдауында айтқан болатын, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Мұрат Әйтенов мәселені шешу мақсатында қабылдауға келген кәсіпкер және құзырлы орган басшыларының қатысуымен жиналыс өткізді. Онда қаладағы такси саласындағы мәселелер кеңінен талқыланды.
Шымкентnt 30 жеке және заңды тұлға 935 такси көлігімен жолаушыларға қызмет көрсетіп жүр. Оларға жағдай жасау үшін 35 такси тұрағы ұйымдастырылған.
Бүгінгі таңда Шымкент қаласында заңсыз жолаушыларды тасымалымен тұрақты түрде айналысатын 1200 -ден астам адам анықталды. Сондай-ақ, облыс, қала, ауданаралық тасымалдауға арналған 500-ден аса шағынавтобустар мен жеңіл автокөліктер бар.
Заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою мақсатында «Жол картасы» бекітіліп, жұмыс тобы құрылды. Жұмысшы топ рейдтік іс-шаралар ұйымдастырып, нәтижесінде өткен жылы 215 такси көлігінің иесіне әкімшілік айыппұл салынған.
Жиналысты қорытындылаған қала әкімі такси тұрақтарын зерттеп, сол аумақтарға «Сергек» камераларын орнату мүмкіндігін қарастыру қажеттігін айтты.
Сонымен бірге құзырлы органдармен бірлесіп қаладағы такси жұмысын бақылау бойынша рейдтік іс-шара ұйымдастыруды одан әрі жалғастыруды жүктеді.