​70 мыңға жуық қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

​70 мыңға жуық қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Қазақстанда 69 мыңнан аса адам коронавирусқа қарсы егілді, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлімдеді.

15 наурыздағы жағдай бойынша, "Спутник V"-ның бірінші компонентін қабылдағандардың жалпы саны - 69 095 адам. Вакцинаның екінші компонентін 18 807 адам қабылдады.

Ал Шымкент қаласы бойынша 3625 адам вакциналанды. Атап айтқанда, медицина қызметкерлері- 2147, педагогтар-1230, құқық қорғау органдарының қызметкерлері-182, басқа контингенттен- 66 .

Қала бойынша барлығы 4625 адам вакцинацияның I-ші компонентімен қамтылды.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация 1 ақпанда басталды. Алғашқы болып дәрігерлер егіле бастады.

Наурыздың 3-нен бастап мегаполисте коронавирусқа қарсы екпені педагогтер мен полицейлер алды.