ҚР Білім және ғылым министрі Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және "Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру туралы сертификат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына өзгерістер енгізді.
Енді тестілеуге кіргізілген кезде оқуға түсушілер ғимаратқа бір-бірден кіргізіледі.
- Оқуға түсушінің жеке басын сәйкестендіру рұқсаттама бойынша және жеке басын куәландыратын құжаттың, ал он алты жасқа толмаған адамдардың орта білім беру ұйымын бітіргені туралы анықтаманың негізінде жүргізіледі, – делінген құжатта.
Бұл ретте жеке басын куәландыратын құжаты немесе паспорты бар және автоматтандырылған жүйеде онлайн тіркеу арқылы өтініш берген оқуға түсушілер адамның көлемді-кеңістіктік нысандағы сканері арқылы іске қосылады және жеке басын сәйкестендіреді. Тестілеуге кіру кезінде металл детекторлар қолданылады.
Тестілеудің 60 минуты өткеннен кейін көзге арналған жаттығулар және дене жаттығуларына арналған 2 минут көлемінде үзіліс болады. 120 минут тестілеу аяқталғаннан кейін 15 минут көлемінде үзіліс беріледі. 180 минут тестілеу аяқталғаннан кейін 3 минут көлемінде үзіліс беріледі. Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобына түсушілер үшін тестілеу ұзақтығы – 65 минут. Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша ЖЖОКБҰ-ның білім алушылары және басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетіндер үшін тестілеу ұзақтығы – 130 минут. Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін ҰБТ-ға 120 минут (2 сағат) бөлінеді. Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобына қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас даярлау бағыттары бойынша түсушілер үшін – 80 минут.
ҰБТ-ны электронды форматта өткізу кезінде оқуға түсушіге мына нәрселер рұқсат етілмейді:
- аудиториядан (компьютерлік сыныптан)
- дәліз бойынша кезекшінің функцияларын орындайтын тестілеу әкімшісінің рұқсатынсыз,
- ертіп жүруінсіз шығу;
- аудиториядан (компьютерлік сыныптан) 10 минуттан артық уақытқа шығуға;
- сөйлесуге, орын аустыруға;
- оқуға түсушіге жұмыс үшін берілген А4 форматындағы құжаттар мен қағаздармен алмасуға;
- аудиториядан (компьютерлік сыныптан) А4 форматындағы құжаттар мен қағаздарды шығару;
- аудиторияға шпаргалкаларды, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, калькуляторды, фотоаппаратты, мобильді байланыс құралдарын (пейджер, Ұялы Телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон), Ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер) пайдалану,
- радио-электрондық байланыстың кез келген түрлерін пайдалану (Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth (Bluetooth), Dect (Дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), смарт сағат, сымды және сымсыз құлаққаптар және басқалар);
- тестілеу алдында немесе тестілеу кезінде шу шығаруға;
- тестілеу басталар алдында берілген А4 форматындағы қағаздарды өзіңізбен бірге алып кетуге;
- тест тапсырмаларының мазмұнын талқылау және жариялауға; тестілеу мен қауіпсіздік жүйесін пайдалануға арналған техниканы қасақана бүлдіруге.
- Осы ережелерді бұзған тұлғалардың тестілеу нәтижелері өңделмейді және жойылады
Айта кетейік, бұйрық 2021 жылғы 19 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.