Дендросаябақ - қала ішіндегі қалың орман

Дендросаябақ - қала ішіндегі қалың орман

Қазақстанда ең алғаш салынған дендросаябақ Шымкент қаласында орналасқан. Әуелде бұл аймақ қоқыс тастайтын орын болған. Белгілі қоғам және мемлекет қайраткері Асанбай Асқаровтың бастамасымен 1979 жылы саябақ бой көтерген.

2019 жылы саябақтың 40 жылдығына орай Асанбай Асқаровтың есімі берілді.


Бүгінде дендросаябақта 100 мыңнан астам ағаш-бұтаның 406 түрі өсіп тұр. Оның ішінде, Қазақстанның қызыл кітабына енген өрік, іле бөрі қарақаты, кавказ таудағаны, зеравшан аршасы, недзвеция алмасы, сиверс алмасы, соғды шағаны атты 7 түрлі ағаш бар. Оған қоса сирек кездесетін 61 түрлі ағаш тіркелген.

Саябақ ішіндегі тұқымбақтың жалпы көлемі 1,5 га. аумақты құрайды. Онда қазір 23 түрлі 11 392 дана көшет өсірілуде. Тұқымбақтың өзі екіге бөлінген. Негізгі тұқымбақта 2 638 қылқан жапырақты, 3 382 жәй жапырақты және 599 дана өзге көшет түрлері өсіп тұр.

Сюжетті дайындағандар: Нұрлан Алтынбеков, Сәкен Серқұл