Халықаралық шахмат күніне орай ескерткіш ашылды

Халықаралық шахмат күніне орай ескерткіш ашылды

Шымкенттің Орталық саябағына орнатылған шахмат фигурасының биіктігі - 3 м, салмағы - 4 тонна. Сәулетті мүсінді«Шымкент - Қазақстанның шахмат астанасы» атануына орай «Black Rock Business» ЖШС-і өкілі Бауыржан Мырзатаев шаһарға сыйлық ретінде тарту етті, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Сонымен бірге бүгін Шымкентте шахматтан жасөспірімдер арасында ҚР Чемпионаты бастау алды. Сайыстың ашылу салтанатынаҚазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Александр Бабенко, «Black Rock Business» ЖШС-і директорының орынбасары Бауыржан Мырзатаев, Қазақстан шахмат федерациясының директорының орынбасары Ануар Исмагамбетов және «Visit Shymkent» орталығының басшысы Айдарәлі Раманов арнайы қатысты.

Спорттық сайыстың бастымақсаты -халықаралық шахмат аренасында Қазақстанның оң имиджін қалыптасыра отырып, Шымкентті зияткерлік шаһарға айналдыру.

–«Шымкент – Қазақстанның шахмат астанасы» атану сәтінде қаламызда оны айғақтайтын арнайы ескеркіштің болуы маңызды. Жергілікті тұрғындар мен шахмат жанкүйерлері үшін Орталық саябақ негізгі орынға айналып үлгерген. Сондықтан шахмат фигурасына осы орын таңдалып алынды»,- делінген хабарламада.

Шахматтан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатының Шымкентте ұйымдастырылуына бастамашы болған - «Visit Shymkent»орталығы. Маусым айында «Қазақстан Шахмат Федерациясы» Қоғамдық бірлестігімен «Visit Shymkent» орталығы арнайы ынтымақтастық меморандумына қол қойған еді.

Айта кетсек, Қазақстанда алғаш болып мектептерге шахмат сабағын енгізу Шымкент қаласында қолға алынған болатын.