Кітапханалар қосымша 11 қызмет түрін ұсынады

Кітапханалар қосымша 11 қызмет түрін ұсынады

Шымкентте биыл 10 кітапханаға жаңғырту жұмысын жүргізіледі. Алғашқы кезеңде 3 кітапхана жаңғырудан өткен болса, елорда күніне орай 3 кітапхана ел игілігіне берілді. Ал II-кезеңге жоспарланған 4 кітапхананың модернизация жұмысы күз айларында атқару жоспарланып отыр, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бүгінде қаладағы кітапханалар заманауи үлгіде жаңғырып, ішінен Book Cafe, Coworking Center, шахмат клубы, Relax room бөлімдері ашылған. Балалар кітапханасы мен Абай кітапханасының екі филиалының жаңғыруы қала тұрғындарына қуаныш сыйлап келеді.

Сонымен қатар қазіргі таңда кітапханаларда оқырманға арналған қосымша 11 қызмет түрін ұсынып отыр. Олар:

– жеткізгіштердің, форматтардың, стандарттардың барлық түрінен көшірмелер дайындау және оларды өңдеу;

–мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін материалдар дайындау;

–құжаттарды талдамалы-синтетикалық өңдеу және қосымша библиография жасау;

–қолжазбаларды, құнды кітаптарды және құжаттарды реставрациялау;

–көшпелі ақпараттық-көрме іс-шараларын ұйымдастыру;

– білім беру және аудармашылық қызметтерін көрсету;

–қолжазбаларға және құнды кітаптарға сараптама жасау;

– байланыс операторымен шарт негізінде Интернет желісі қызметтерін ұсыну;

– құжаттарды электронды жеткізу, тақырыптық ақпарат іздестіріп, құрастыру;

– экскурсиялық қызмет ету, фото, бейне түсірілімдер жасау;

– кітапхана шығарған оқу-әдістемелік әдебиетті және басқа да оқу құралдарын өткізу.

Айта кетсек, Шымкент қаласында қазір 5 ірі кітапхана мен оның 37 филиалы үздіксіз қызмет атқарып келеді.