Қазақстандықтар маска тағу режиімнен қашан шығады?

Қазақстандықтар маска тағу режиімнен қашан шығады?

Еліміздің Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халық алдында есеп беру кезінде қазақстандықтар қашан маскасыз жүре алатынын айтты, деп хабарлайды Shymkentaqparat

- Әр азамат өзін қауіпсіз сезініп, ұжымдық иммунитет қалыптасуы үшін вакцина салдырғандардың саны ең кемі 60 пайыздан асуы керек. Осыдан кейін маска тағу режимінен шығу мүмкіндігі қарастырылады. Біздің азаматтар белсенді түрде вакцина салдырып, ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына, өз жақын туыстарын қорғауға өз үлесін қосады деп үміттенеміз, - деді Цой.

30 сәуірдегі мәлімет бойынша Шымкент қаласы «Сары» аймаққа өтті. Соңғы тәулікте шаһарда инфекция жұқтырған 105 жағдай анықталды. Оның 35-і стациноарға жатқызылса, 75 адам үй бақылауына алынды.

Екпе науқаны басталғалы Шымкентте 103 360 адам КВИ-ге қарсы епке алған. Қалада 29 сәуірдің көрсеткіші бойынша 8 058 адамға вакцина салынған. Оның ішінде 7 280 адам І – компонентін алса, ІІ – компонентін 778 азамат салдырған. Жалпы вакцина науқаны басталғалы 12 358 адам екпенің екі компонентін алған.