Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубы волгоградтық «Ротора» футболшыларын жолдастық кездесуде жеңді, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Түркияның Белек қаласында өткен жолдастық кездесу 3:0 есебімен аяқталды. Бірінші тайымының небәрі 8-минутында қарсылас қақпасына Рубен Бриджида гол соқса, араға аз уақыт салып, Джоао Пауло мен Мирзад Механович есепті үш еселеді.
Айта кетейік, бұл «Ордабасының» Түркиядағы соңғы жолдастық ойыны. Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, шымкенттік футболшылар осы аптада елге оралады.
Фото: ашық дереккөз