Ағымдағы жылдың 30 мамыр күні Шымкент қаласының бірқатар шағынаудандарында жарық жүргізу жұмыстарына байланысты электр қуаты уақытша сөндіріледі, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бұл хабарландыру қалалық Ақпараттық-коммуникациялық орталығының Fecebook ресми парақшасында жарияланды.
«2021 жылдың 30 мамыр күні 08:00 - 15:00 аралығында 110 кВ «Восточный» қосалқы станциясының № 27, 30 ұяшықтарынан шығатын 10 кВ әуе желісі Арғынбеков көшесі бойы, Шаяхметов-Байтереков аралығын 10 кВ жер асты кабеліне ауыстырылуына байланысты электр қуаты уақытша өшеді. Сол себепті, Нұрсәт, Солтүстік шығыс, Шапағат-2, Тараз шағын аудандарында электр қуаты сөндірілетін болады» - делінген ресми хабарламада.
Фото: ашық дереккөз