Шымкенттік кітапханашылар республикада үздік болды

Шымкенттік кітапханашылар республикада үздік болды

Шымкенттік кітапханашылар «ҚР үздік кітапханасы» республикалық байқауында топ жарды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл сайыста Шымкент қалалық орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесінің қызметкерлері Әсем Қабылова мен Перуза Бейбітова I-орыннан көрінді

Байқауды ұйымдастырған «Өрлеу» білім беруді және мәдениетті дамыту қоры» қоғамдық қоры. Сайыстың шарты бойынша қатысушылар «Қала» секциясы мен «Еркін номинация» тақырыбында презентациясын жолдаған.

Ұсынылған презентацияда балалар кітапханасының тыныс-тіршілігі, жұмыс жүйесі мен алдағы жоспары, кітапхананың ішкі және сыртқы көрінісі көрсетілген.

Қазылар алқасы тарапынан үшінші мегаполис кітапханашылардың еңбегі үздік деп танылды.

Қаладағы «Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесі» КММ-сі 2009 жылдан бері балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытында жұмыс істейді. Мұнда жалпы кітап қоры – 408 565.

Электронды каталог құру және кітапхана үрдістерін автоматтандыру мақсатында 2011 жылы РАБИС кітапханалық бағдарлама орнатылған. Сонымен бірге кітапханада «Коворкинг» білім орталығы бар.


Фото: ашық дереккөз