Бүгін «Берекелі Рамазан керуені» атты республикалық қайырымдылық телекөпірі өтті, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Телекөпір эпидахуалға байланысты алғаш рет онлайн жүргізілді. Оған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы және өзге өңірлердегі имамдар мен дін өкілдері қатысты.
Қайырымдылық шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы әкімдікпен бірлесіп атқарып жатқан қайырымдылық істері туралы сөз етті.
- Қасиетті рамазан айының алғашқы күнінен бастап қала әкімдігі мен мешіттердің ұйымдастыруымен, депутаттар мен кәсіпкерлердің қолдауымен осы күнге дейін қаладағы 6 мешітте қайырымды істер жалғасып келеді. Рамазан айының алғашқы он күндігінде қала бойынша 17 100 отбасыға көмектестік. Енді екінші он күндік әлі аяқталмаса да 15 мыңнан аса отбасыға азық-түлік өнімдерін үлестіріп үлгердік. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында 30 мың отбасыға қайырымдылық жасасақ деп ниеттенген едік... Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өз сөзіндде осы рамазан айында әрбір істелген игі іске 10 еседен 700 есеге дейін сауап жазылатынын айтқан. Сондықтан, барлықтарыңызды қасиетрті айдың қарсаңында қайырымдылық жасауға шақырамын, - деді Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов.
Қалалық бас имамның айтуынша, бұндай үлкен көлемдегі қайырымдылық бұрынболмаған екен. Өткен жылдары көп дегенде тек 5 мыңнан аса отбасыға көмек көрсетіліп келген. Ал биыл көмекке мұқжаж жандардың көбеюін бас имам елдегі пандемиямен байланыстырады.
Фото: Самат Мырзалиеа