Тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында Әл-Фараби ауданында жолаушылар хабы саналатын 10 нүктеге «ақылды аялдама» салынады, деп хабарлайлы Shymkentaqparat
Жаңа үлгідегі аялдамаларды салу жұмысы демеушілер тарапынан жүзеге асырылады. Аудан әкімі Рашид Мыңбаев инвесторлармен кездесіп, құрылыс жоспарын пысықтады.
Мұндай бастамаларды жүзеге асырудағы басты мақсат қала тұрғындары мен қонақтарына жайлы жағдай жасау. Ал қоғамдық орындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аялдамаларға бейнебақылау камерасы да орнатылады.
Аялдамаларда жолаушылардың ең басты қажеттіліктері саналатын желдеткіш пен тегін wi-fi, телефон қуаттағыш құрылғысы және көлік бағыттарын көрсететін жол картасы қаралған.
Айта кетсек, жаңа үлгідегі аялдамаларды жыл соңына дейін ел игілігіне беру жоспарланып отыр.