Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі мәлімдеді
«Бүгін, 17 маусым күні таңғы сағат 8:00-де Абай ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында 13 және 10 жастағы ұлдары үйден шығып, белгісіз бағытқа жоғалып кеткенін көрсеткен.
Жоғалған балаларды іздестіру іс-шарасына Шымкент қ. ПД-нің бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетовтың дабыл қағуымен аудандық полиция басқармаларына тапсырма беріліп, департаменттің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Сондай-ақ, іздестіру жұмыстарына Ұлттық ұлан әскерінің сарбаздары да атсалысты.
Нәтижесінде сағат 13:00-да жоғалған балалар Ынтымақ шағынауданы аумағынан аман-есен табылып, отбасына жеткізілді» - делінген ресми хабарламада.
Осы ретте құзырлы органдар жергілікті тұрғындардан, ата-аналардан кәмелеттік жасқа толмаған балаларды назардан тыс қалдырмауын сұранады.
Фото: ашық дереккөз