Шымкент қаласының, оның аумағының тазалығын сақтау - әрбір тұрғынның міндеті. Бірақ, өкінішке қарай оған мән бермей, қала көшелерінің сұрқын кетіретін қоқыстар тасталатын жағдайлар аз емес. Оған кейде арнайы рейд жұмыстарын ұйымдастырып, ескертіп немесе шара қолданылып, айыппұл да салынды, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Осындай кезекті бір рейд Абай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен өтті. Аудандық полиция қызметкерлерімен бірлесе атқарған іс-шара барысында аудан аумағында бей-берекет қоқыс тастағандар анықталды.
Нәтижесінде "Шымкент қаласы аумағын абаттандыру қағидаларын бұзу" бойынша ҚР-ның ӘҚБтК 505 бабына сәйкес, 2 жеке тұлғаға айыппұл салынды.
Аудан әкімі аппаратының қызметкерлерінің айтуы бойынша, бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады.